ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында 1 курс студенттері Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында 1 курс студенттері Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Экскурсияның мақсаты – адамгершілік-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, студенттердің туған өлкесінің тарихы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Студенттер экскурсия жетекшісін сүйсініп тыңдады, экспонаттарды қызығушылықпен қарап, өз сұрақтарын қойды.

 Әсіресе балаларға Ұлы Отан соғысына арналған зал ұнады, онда солтүстік қазақстандықтардың ерліктері, соғыс жылдарындағы тыл қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, облыста құрылған 314 атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолы туралы ақпарат ұсынылды.

Мұражайға бару студенттерге ұмытылмастай әсер қалдырды