4 маусымда біздің колледж студенттері қаланың орталық алаңында өткен ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Дәл осы күні 1992 жылы мемлекетіміздің айырым белгілері – ту, елтаңба және әнұран ресми түрде бекітілді. 200-ден астам адам мемлекеттік туды көтерумен қатар мемлекеттік әнұранды орындады. Алаңдағы жастар Қазақстан картасының контуры түрінде тізіліп тұрды.