2021 жылдың 24 қыркүйегінде МКК Тіл пәндері апталығының жабылуы аясында салтанатты шара – «Қазақстан – менің елім, жерім» атты музыкалық-әдеби салоны өтті. Іс-шара студенттердің бойында толерантты сананы, патриоттық және туған жерге деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға, студенттің жеке тұлғасын рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Шара барысында флешмоб ұйымдастырылып, оған бухгалтерия бөлімінің 112 топ студенттері белсене қатысты. Музыкамен, бимен, мәнерлеп оқумен, флешмобпен, бейнероликпен сүйемелденген студенттердің жарқын музыкалық қойылымдары көрермендерге жағымды эмоциялар, көтеріңкі көңіл-күй мен қуат сыйлады.