2023 жылғы 06-17 қараша аралығында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің базасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтеді. «Талап» КеАҚ штаттан тыс тренері Екатерина Александровна Калганованың («Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасарының м.а.) басшылығымен арнайы пәндердің 23 педагогы мен өндірістік оқыту шебері оқытылып жатыр.
Бұл курс 4 модульді зерделеуді қамтиды: модуль бойынша оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеу, кәсіптік білім берудегі негізгі педагогикалық технологиялар, өндірістегі маманға қойылатын негізгі талаптар, кәсіпорындар/ұйымдар базасында тағылымдама.
Курс 108 сағатқа есептелген, оның ішінде 72 академиялық сағат аудиториялық оқыту және 36 сағат – кәсіпорындар/ұйымдар базасында тағылымдама.
Біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған соң, педагогтар 2 сертификат алады.