«Спорт – өмір, өмір – жол. Біз дұрыс жолды таңдаймыз»

18 қазан күні колледждің спорт залында Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және колледждің дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірге Психикалық денсаулық күніне орай іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл акция барлық спорттық жарыстарға қызығушылықпен қатысқан 1 курс студенттерін қамтыды. Шара соңында салтанатты жағдайда ұйымдастырушылар жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Құрылыс бөлімінің командасы бірінші орынды иеленді. «Заң» кафедрасының командасы екінші, технология бөлімінің командасы үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!