«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, білімге табынуды және азаматтар санасының ашықтығын насихаттауға бағытталған. Бұл қасиеттер қазіргі заманғы қазақстандықтың негізгі бағдарына айналуға тиіс.
Колледжде осы бағдарламаның 5 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру – ертеңіміздің кепілі»/ «Рухани жаңғыру – болашағымыздың кепілі»тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Дәл осындай іс-шараларда жастар ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге, ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптарын бағалауға, ұрпақтар арасындағы байланысты сақтауға үйренеді.