«Ашық жүректер» фестивалі – «КӘСІП, ЕҢБЕК, БОЛАШАҚ»

2014 жылдың 4 сәуірінде Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде қала және аудан мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары үшін «КӘСІП, ЕҢБЕК, БОЛАШАҚ» атты нағыз «жүректері ашық» мерекесі өтті. Мамандық таңдау – тағдырдың таңдауы, өмір бойы жалғасатын таңдау. Бұл туралы мамандық таңдау мерекесінде баяндамашылар, колледж студенттері, әлеуметтік серіктестер, өткен жылдар түлектері айтты.