«Наурыз-бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі!»

Колледж кітапханасының оқу залында Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі!» атты иллюстративті-кітап көрмесі ашылды.

Көрменің мақсаты – «Наурыз» мерекесінің шығу тарихы мен қазақ даласындағы орнын оқырмандарға таныстыру.

Мереке қарсаңында жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнерін көпшілік қауымға насихаттайды.