2016 жылдың 23 ақпан күні Петропавлқұрылыс-экономикалық колледжіне «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарлама аясындағы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасының жұмысымен РеспубликалықҮйлестіру Кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов келді. Жоба еңбек ресурстары артық болып келетін өңірлердің жастарын оқытып және оларды тапшылық болып жатқан өңірлерде жұмысқа орналастыруға бағытталған. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап колледждің құрылыс бөлімінде Оңтүстік Қазақстан облысынан 24 студенті «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алуда. Мұрат Әбенов сапарын колледждің бас корпусынан бастады. Мұрат Әбенов колледжбен танысуды зертханалар мен өндірістік шеберханаларда жалғастырды. Өндірістік шеберханалардың заманауи жабдықталуын Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің директоры көрсетіп таныстырды. Н.Д. Содан кейін М.Әбенов «Серпін-2050» бағдарламасы шеңберінде оқып жүрген студенттермен кездесті. Кездесу колледж нысанасында ашылған Бейбіттшілік пен келісім орталығында өтті. «Серпін-2050» бағдарламасы шеңберінде оқып жүрген студенттер бағдарлама үйлестірушісіне сұрақ қойып жауап алуға мүмкіндігіне ие болды. М. Әбенов Қазақстанның оңтүстік аймақтардан келген студенттер жатақханамен қамтамасыздандырылғанына және шәкіртақы төленіп жүргеніне өзі куә болды. Сонымен қатар оларға ыстық тамақ ұйымдастырылып, көлік мәселелері шешілген. Солтүстік аймақта оқып жүргеніне байланысты киімге ақша бөлініп жатыр. М.Әбенов осындай кездесулер жиі болатыны туралы айтты. |