«Мағжан жыры – мәңгілік» мәнерлеп оқу сайысы.

гуманитарлық колледжінде. М.Жұмабаев 2018 жылдың 1 наурызында М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мағжан жыры – мәңгілік» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында 3 номинация бойынша облыстық мәнерлеп оқу сайысы өтті. Қатысушылар арасында жүлделі орындарға ие болған колледжіміздің студенттері де болды. «Мен Мағжанды сүйемін» номинациясы бойынша 1 орын – Кристина Михайловна Штир, «Көкірегімді жыр сәулесі мазалайды...» номинациясы бойынша ІІ орынды Ботбай Айгерім иеленді. Балаларды сайысқа қазақ тілі мен әдебиеті және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінің мұғалімі Рамазанова Сандуғаш Санақбайқызы дайындады.