@bibl_vsek#Кітапханашы – толған креатив!
24 қазан – Кітапханашылар күні
«Кітап оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі кітапханасында «Кітапханашы – толған креатив!» өзін-өзі басқару күні өтті.
Бұл күні кітапханашының міндеттерін студенттер өз мойнына алды. Біреулері жұмыс орны ретінде абонементті таңдаса, біреулері оқу залын таңдады, ал кейбіреулері қоймада жұмыс істеуге ниет білдірді.
Балалар кітапханадағы жұмыс тәжірибесі өте құнды, кітапханашының жұмысы оңай емес, бірақ өте қызықты екенін атап өтті.
Осы акцияның арқасында кітапхана көптеген белсенді және адал оқырман достарына ие болды.