Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде үздік эмблема байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты – Жоғары құрылыс-экономикалық колледжін басқа оқу орындарының қатарынан анықтауға мүмкіндік беретін және колледждің тарихи және заманауи дамуын, оның кадрлар даярлау саласындағы ерекшеліктерін, оның Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйесіндегі рөлі мен орны. Байқау колледж қызметін танымал етудің креативті идеялары мен формаларын анықтауға бағытталған. Қорытындылау Наурыз мейрамын тойлауға орайластырылған және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеологиялық құндылықтарын жүзеге асыру контекстінде үлкен маңызға ие. Наурыз – ұлттық бірегейлік пен келісімнің, береке мен бірліктің мерекесі.