@bibl_vsek «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан»
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында кітапхана қызметкерлері И.П.Шухов атындағы қалалық орталық кітапханамен бірлесіп «Мемлекеттіліктің бастауы» тарихи журналын өткізді.
Іс-шараның мақсаты - егемен Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, студенттердің танымдық қызығушылықтарын дамыту, өз елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Мереке күнтізбесінде Республика күнін жаңғырту - бұл Жаңа Қазақстанның ұрпағының өз бастаулары мен сабақтастығын мойындауының, тарихи еңбегін құрметтеуінің символы.