«Елім ай»

@bibl_vsek #Қожаберген_жырау

Бухгалтерлік бөлімнің @vsek_buhg.otdel 232-топ студенттері және колледж кітапханашысы А.Мамбеталинова И.Шухов атындағы қалалық кітапханада @shuhov_kitapkhana өткен ақын-жырау, халық қаһарманы Қожаберген жыраудың 360 жылдығына арналған «Елім ай» атты тарих кешіне қатысты.

Кеш Тойкен Күдерова жетекшілік ететін «Күдер» домбырашылар оркестрінің орындауында күйлермен ашылды.
Қатысушылар: Қуантаев Ахметжан Кәрімұлы, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі, өлкетанушы, тарихшы; Шалабаев Қарақат Ысқақұлы, ардагер ұстаз, абайтанушы, тарихшы; Төлегенов Жапар Бәриұлы, еңбек ардагері, тарихшы; Бикенова Гульмира Тасболатқызы, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледдж ұстазы; Асқаров Нұрбол, қазақ сазды-драма театрының белгілі актері, Қожаберген ролін сомдаған.
Кеш барысында Қожаберген жырау атындағы №6 мектеп оқушылары орындауында жыраудың шығармалары оқылды.