Бірлік - мықты Қазақстанның негізі

2022 жылғы 21 сәуірде Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының өкілдерімен және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерімен студент жастардың кездесуі өтті
Студенттер назарына облыстық Ассамблея жұмысы туралы бейнефильм және презентация, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, «Ассамблея жастары» ҚБ жұмыс бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Болат Касенович Базарбаев кездесу барысында ынтымақтастық пен жастарды белсенді қолдаудың маңыздылығын атап өтті, колледждің 90 жылдығына байланысты құттықтау хатын табыстады.

Кездесу туралы естелікке «Ассамблея жастары» логотипі бар блокноттар мен қаламдар сыйға тартылды.