Мұғалімдер күні

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт 30 қыркүйек күні колледждің акт залында өтті. Салтанатты жағдайда колледж басшысы ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтады. Студенттер жарқын музыкалық нөмірлерді орындап, оқытушыларға алғыс ретінде әсерлі бейнефильм дайындады. Мерекелік бағдарламаға Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы академиясының әскери оркестрі қатысты.

#Студенттікпарламент

#Ұстаздар күні