БІЛІМ КҮНІ!

Бүгін Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Құрметті бірінші курс студенттері! Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі сіздерге оқу, кәсіптік және шығармашылық қызметке толы жаңа әлемге есік ашады. Біздің колледж тамаша дәстүрлері, бай және қызықты тарихы бар үздік оқу орындарының бірі. Ерекшелік, талант, мақсаттылық, еңбекқорлық, кәсібилік. Мұның бәрі ең жақсы мөлшерде тек Жоғары құрылыс-экономикалық колледж қабырғасында кездеседі! Қош келдіңіздер, студенттердің жаңа буыны! Оқу күндері сіздерге тек қуаныш сыйласын!
Салтанатты жиыннан кейін « «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында сынып сағаты өтті»