«Үздік шебер-2021» қалалық кәсіби шеберлік байқауы

2021 жылдың 12 қарашасында сағат 15:00-де «Үздік шебер-2021» қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтеді.
Байқауды ұйымдастырушылар: «Жас Отан» Жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Петропавл қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп.
Өткізілетін орны: Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі.Кәсіби сайыста әр түрлі кәсіп шеберлері, өз ісінің шеберлері: дәнекерлеуші, ағаш ұстасы, тас қалаушы, сылақшы сынға түседі.
Байқауға 20 қатысушы қатысады, олардың әрқайсысы өз өнерлерін көрсетеді және, әрине, алған орындары үшін сертификат пен бағалы сыйлық алады. Ал өз саласының үздіктері шебердің жеке кубогымен марапатталады!