007.12.22 Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде "Экономика негіздері" пәні бойынша қалалық онлайн олимпиада өткізілді. Конкурсты бухгалтерлік бөлімнің арнайы пәндер оқытушылары Гүлмира Есмағұлқызы Сүлейменова және Юлия Викторовна Букырь ұйымдастырды. Олимпиадаға Петропавл қаласының 14 мектебінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиаданың міндеттері:
•оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру;
• оқушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға қызығушылығын дамыту;
• жастарға кәсіптік бағдарлауға және білім беру траекторияларын таңдауға жәрдемдесу;
•колледждің басқа білім беру ұйымдарымен байланысын қалыптастыру және нығайту.
Қорытындыны келесі қазылар алқасының мүшелері шығарды:
Комиссия төрағасы – Пилтяев Эдуард Алексеевич, «Фортебанк» АҚ Жалақы жобаларын әзірлеу департаментінің жетекші менеджері
Комиссия мүшелері:
- Мөржан Ақжол Мырзашұлы, менеджер прямых продаж АО «Fortebank».
- Кәмен Жайық Кеңесұлы, «Нұрбанк» АҚ шағын және орта бизнес бөлімінің жетекші маманы
- Ерханова Сауле Еркеновна, бухгалтерлік есеп бөлімінің меңгерушісі
- Берген Елена Владимировна, бухгалтерлік есеп және экономикалық пәндер бойынша МКК төрағасы.
Бағалау критерийлері:
- 27-30 балл 1-дәрежелі Дипломмен марапатталады
- 24-26 балл II дәрежелі Дипломмен марапатталады
- 20-23 балл ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталады
- 20 баллдан аз болса Қатысу сертификатымен марапатталады.
Дипломдар, сертификаттар және жетекшілерге алғыс хаттар өтініште көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.