6 қыркүйек күні Жоғары құрылыс-экономикалық колледж ұжымы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Телагысовыч Даулеталинмен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мухтар Бакирович ТИНИКЕЕВ қатысты.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин оқу орнының ұжымына әлеуметтік әріптестік қағидаттарын табысты іске асырғаны үшін алғыс айтып, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі және жан-жақты, бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудағы колледждің рөлін атап өтті.
Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің педагогикалық ұжымымен және студенттерімен кездесу барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталинге үшінші курс студенті Нурсултан Омаров жүгінді. Студент өзінің көп балалы және толық емес отбасынан шыққанын айтты. ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин студенттің өтінішіне құлақ асып, ҚРКФ Нурсултан Омаровқа көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
«Нурсултан, сіздің кәсіби білім алып, өз отбасыңыздың тірегі болуға деген ұмтылысыңыз мақтауға тұрарлық. Кәсіподақтар федерациясы мен білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіподағы сіздің одан әрі оқуыңыздың ақысын төлеп, сізге ай сайын 45 мың теңге көлемінде стипендия белгілеу жайлы шешім қабылдады», – деді Сатыбалды Даулеталин.
Айгуль Максатовна МУКАШЕВА – «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы. Айгуль Максатовна әріптестеріне мұғалімдер қауымдастығының құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақтың қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан колледж оқытушылары Discovery-Borovoe демалыс аймағында демалуға сертификаттар алды.