18 сәуірде колледжде Наурыз мейрамына, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» ұлттық мәдениеттер фестивалі өтті.
Іс-шараның мақсаты жастар арасында ұлтаралық қарым-қатынас пен келісім мәдениетінің нормаларын қалыптастыру болып табылады. Фестиваль қатысушылары түрлі ұлттардың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, мәдениетін таныстырды.