«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінде!»

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде колледжішілік «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінде!» тақырыбында өткен Абай оқуларына биылғы оқу жылы қатарымызға қосылған студенттер арасында үш тілде өтті. Шараның басты мақсаты: қазақтың бас ақыны, ойшыл, сазгер, дана да дара – Абай мұрасын жастардың арасында насихаттау болатын. Сайысқа жиырмадан астам студент қатысты. Сайыс барысында студенттер ұлы Абай Құнанбаевтың поэзиясының тұнығына сусындап, ақын өлеңдерінің асыл пернелерін тыңдаушыларына жеткізе білді. Жүлдегерлерді марапаттау салтанатты жағдайда өтті.

#Читающийколледж

#Балаларжылы

#Студенттікпарламент