АНОНС

«Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес 2023 жылғы 22 тамыздан бастап басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.