Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Бейбітшілік көгершін» шарасы өтті. Дүниедегі тыныштық, жоғалтудың ащы көз жасынсыз, қираусыз, тұрақты қауіп-қатерді сезінбейтін өмір, бүкіл жер шарындағы балалар мен аналардың бақытты, қуанышты күлкілері басты адами құндылықтар.
«Бейбітшілік көгершін – Жеңіс көгершін» акциясына қатысу – біздің батыр әкелерімізге, аталарымызға және арғы аталарымызға – Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және тыл еңбеккерлеріне деген алғыс пен ризашылықтың белгісі. Студенттер жер бетіндегі барша халықты бейбітшілікте, достық пен өзара түсіністікте өмір сүруге шақыратын үндеуі бар ақ түсті шарларды аспанға ұшырды.