Жоғары оқу орны мен колледждер арасындағы сабақтастықты нығайту, құрылыс мамандықтарын танымал ету

2022 жылғы 7 сәуірде Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің пікірталас алаңында жаңа бағдарламалар, жаңа технологиялар талқыланды. Пікірталасқа колледждің әлеуметтік серіктестері - В.М. Ворона, «БарсСтройПроект» ЖШС басшысы, М.Қозыбаев атындағы СҚУ «Құрылыс және дизайн» кафедрасының меңгеруші, аға оқытушысы М.А.Берикбаева, колледж өкілдері қатысты.

Пікірталас алаңының мақсаты: Жоғары оқу орны мен колледждер арасындағы сабақтастықты нығайту, құрылыс мамандықтарын танымал ету, ЖОО-ға түсуге ниет білдірген студенттерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Колледж қолданбалы бакалавриат мамандарын дайындайды. Биыл осы бағдарлама бойынша 25 студент оқиды. Олар тегін оқытылады. Сонымен қатар, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға түскен кезде олар екі жылға алға «секіре» алады, яғни оқуды 3 курстан бастайды. Колледждің әлеуметтік серіктестері - болашақ жұмыс берушілер де жаңартылған бағдарламаға өз үлестерін қосуда.

Қолданбалы бакалавриаттың жұмыс-оқу бағдарламасы талқыланды. Ол студенттерге де, жұмыс берушілерге де бейімделу үшін және университетке де қолайлы болуы үшін. Қолданбалы бакалавриат 3 курсқа түсуге мүмкіндік береді.