Мен – кәсіпкермін

2024 жылғы 10 қазан мен 5 қараша аралығында Қазақстан Республикасының аумағында колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын қолдауға және дамытуға бағытталған «Мен – кәсіпкермін» ауқымды республикалық Гранд-турнирі өтті. Он бағытты біріктірген турнир аясында арнайы пәндер оқытушысы Букыр Юлия Викторовнаның жетекшілігімен «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК студенттері Надежда Горшкова, Анастасия Глазунова және Айымгүл Қанатчина әзірлеген «Түрлі түсті көпір» жобасы ерекше назарға түсті. Бұл жоба үй жануарлары крематорийінің ашылуына арналған «Қызмет көрсету» номинациясында бірінші жүлделі орынға ие болды.