Жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы

2018 жылдың 14 сәуірінде колледждің мәжіліс залында жаңа оқу орны студенттерінің жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысы барысында келесі мәселелер талқыланды: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Б.Кулжанова колледж қызметі туралы, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшесі О.М.Свинухова сөз сөйледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, оқу нәтижелері мен сабаққа қатысу туралы бөлім меңгерушілері айтып, колледж психологы Н.В.Бывальцева колледждің ішкі тәртібі туралы айтып өтті.