Студенттердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қашықтан оқу іс-шаралары жүргізілуде. .
Қазіргі уақытта оқу ақысын төлеу ақылы білім беру қызметтерін көрсету шартына сәйкес колледж деректемелері бойынша қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы жүргізіледі, ақылы негізде топта оқитын студенттердің назарына жеткізілді. Студенттердің немесе олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша объективті мән-жайларды ескере отырып, оқу ақысын кейінге қалдыру (бөліп төлеу) ұсынылуы мүмкін.