Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің кітапханасында Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында «Тарих сананы жаңғыру» атты кітап пен суретті көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Отанымыздың тарихының қалыптасу және даму кезеңдері, ұрпақтар арасындағы ажырамас байланысты қалыптастыру және орасан зор мәдени-рухани мұраны сақтау туралы қалың оқырманды ақпараттандыру.