Техникалық және кәсіптік білім берудің 75 жылдығына арналған іс-шара.

30 қыркүйекте Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде Техникалық және кәсіптік білім берудің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Шақырылған қонақтардың арасында кәсіптік сала ардагерлері, колледж директорлары және әлеуметтік серіктестер болды. Қонақтар алдында СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Владимир Литвиненко және білім басқармасы басшысының кәсіптік білім беру жөніндегі орынбасары Владимир Ткаченко сөз сөйледі. Жиналғандарды атаулы датамен құттықтап, басып өткен жолға көз жүгіртсек, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге қабілеттілігін нанымды түрде дәлелдегенін мойындамасқа болмайды. Бүкіл саналы ғұмырын кәсіптік-техникалық білім беруге арнаған еңбек ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінді. Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі «Кәсіптік білім берудің дуальды жүйесін қалыптастыруға қосқан зор үлесі және кадр даярлаудағы нәтижелі жұмысы үшін» Алғыс хатымен марапатталды. Шара мерекелік концерт түрінде өтіп, оған облыстың ең танымал шығармашылық ұжымдары қатысты.