Халықаралық ынтымақтастық


«ТжКБ модернизациясы құрылыс индустриясының табысты дамуының факторы ретінде» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қол қойылған Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі мен Омбы құрылыс колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Осы Меморандумды іске асыру мақсатында өзара ынтымақтастықтың келесі бағыттары айқындалды:

- колледж студенттерінің құрылыс саласындағы кәсіптік білім мен дағдыларды меңгеруіне жағдай жасауға жәрдемдесу;

– шығармашылық байланыстарды нығайту;

- кәсіби құрылыс қоғамдастығының және колледждің мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жобалау жұмыстарын тұтынушылармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

– Тараптар келісетін және өзара мүдделі ынтымақтастықтың кез келген басқа түрлері.