Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің Бейбітшілік және келісім орталығында «Қоғамдық келісім» КММ спикерлері мен «Құқықтану» бөлімі студенттерінің қатысуымен «Медиация жанжалды жағдайларды сотқа дейін реттеу тәсілі ретінде» тақырыбында құқықтық білім турнирі өтті. Турнир барысында студенттер екі командаға бөлінді. Бірінші команда шартты құқық бұзушы ретінде шықты. Екінші тарап құқық бұзушылықты анықтауы керек еді. А.Малыхина (244-топ) медиатор ретінде әрекет етті. «Құқықтану» бөлімінің ең белсенді студенттері «Қоғамдық келісім» КММ-нің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Болашақ заңгерлер іс жүзіндегі жағдайлар арқылы медитациямен танысты.