Кәсіби бағдар беру, жұмысқа орналастыру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері ЕС-164/6 мекемесіне экскурсиямен барды. Мекеме қызметкерлері жұмысқа орналасу, мансаптық өсу перспективалары, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер туралы айтып берді. ҚАЖ ардагерлері жеке тәжірибелерінен кәсіби әңгімелерімен бөлісті, қамаудағы адамдарды ұстау жағдайлары туралы айтып, ҚР ҚК баптары бойынша статистика келтірді. Студенттер тұрғын корпустарға, асханаға, демалыс бөлмесіне кіріп шықты.