Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде «Құқықтану» бөлімінің үшінші курстары арасында «Үздік мамандық»мамандық» конкурсы өтті. Конкурсқа қатысушылардың білімі мен шығармашылық тәсілін колледждің әлеуметтік серіктестері: Петропавл қаласы полиция басқармасының және СҚО Әділет департаментінің қызметкерлері қатысқан құзыретті қазылар алқасы бағалады. Іс-шараға қала мектептерінің 200-ден астам оқушысы қатысып, кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді.