«ЖҚЭК – Білім мен жұлдыздар айлағы»

22 мамырда Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде «ЖҚЭК – Білім мен жұлдыздар айлағы» атты дәстүрлі іс-шара өтті. Жыл сайын колледжде Кеңес Одағының батыры, ұшқыш-ғарышкер, жерлесіміз Александр Степанович Викторенко атындағы дипломдар, алғыс хаттар салтанатты түрде табысталады. Биылғы жылы 25 студент, 15 педагог және колледждің 12 әлеуметтік серіктесі жоғары марапатқа ие болды!
Мереке 2002 жылы Анатолий Афанасьевич Башмаковтың бастамасымен құрылды. Александр Степанович колледжімізде болды және мереке лауреаттарына марапаттарды өзі табыс етті. Атаулы дипломдарды бірнеше рет кеңес және ресей ғарышкері, Қазақстанның Халық батыры, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев табыс етті.
А.Викторенко 2023 жылғы 10 тамызда қайтыс болды, бірақ ол туралы естелік колледжіміздің дәстүрінде және біздің жүрегімізде жалғасын тауып келеді.