Құрылыс бөлімінде әлеуметтік серіктестер, колледж оқытушыларының қатысуымен колледждің құрылыс бөлімінің 55 жылдығына арналған «Құрылыс саласының ғылымы мен технологияларының жетістіктері» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты студенттердің зияткерлік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
Студенттік конференция 2 кезеңде өткізілді:
1 кезең - баяндамаларды қорғау
2 кезең - құрылыс бөлімі ЭМБЛЕМАСЫНЫҢ тұсаукесері
Студенттер «Заманауи құрылыс материалдары мен бұйымдары», «Ғимараттар құрылысындағы 3D басып шығару технологиясы», «Фем-урбанистика тұрғысынан Петропавл қаласының дамуын талдау», «Монтаждау кранын таңдау әдістемесі», «Жұмыс өндірісінің ұзақтығын есептеу ерекшеліктері», «Ерекше бетон», «Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіруді автоматтандырудың жаңа технологиялары» атты баяндамалар дайындады.
Конференция соңында студенттер мен басшылар студенттер конференциясына қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
#Республикакүні #Балаларжылы #Студенттікпарламент