19 мамыр күні Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде "Құқықтану" бөлімінің студенттері мен Мамандандырылған ауданаралық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Ерлан Ахметович Нуршарыповпен кездесу өтті. Ол Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның тұжырымдамалық негізі мен ерекшеліктері туралы өзекті ақпаратпен бөлісті. Жаңа сот жүйесі, судьяға қойылатын талаптар туралы айтты.