Сәуір айының жиырма алтыншы және жиырма жетінші жұлдызында «Бірлік пен достық шоқжұлдызында» атты халықаралық студенттік шығармашылық байқауы өтті. Біздің колледж студенттері «Вокал» номинациясына қатысып, Смағұл Арайлым мен Вайда Гүлдана бірінші дәрежелі лауреат атанды. Жастар фестивалінің ГРАН-ПРИ жүлдегері есеп бөлімінің екі жүз екінші тобының студенті Сағынбаев Оразали болды. Бұл студенттерді музыка жетекшісі С.И.Очеретенко дайындады. Құттықтаймыз!
