WorldSkills Kazahstan -2017 ұлттық чемпионаты

WorldSkills Kazahstan -2017 ұлттық чемпионаты

2017 жылдың 2-5 мамыр аралығында Астана қаласында WorldSkills Kazahstan -2017 ұлттық чемпионаты

өтті. WorldSkills International (WSI) – халықаралық коммерциялық емес қауымдастық, оның мақсаты кәсіби дайындық пен біліктілік мәртебесін және стандарттарын арттыру, әлем бойынша халықаралық сайыстар өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарды көбейту. Бүгінгі таңда 75 мемлекет WSI кіреді, әлемнің 70% халығын қамтийды.

WSK- 2017 ұлттық чемпионат 17 құзыреттілік бойынша өтті. Конкурсқа қатысушылар қалыптасқан практикалық білімнің, кәсіби білік пен дағдының деңгейін көрсететін екі модуль орындаулары қажет болды (фото 1). Біздің аймақтың намысын «Кірпіш салу» құзыреттілік бойынша Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің құрылыс бөлімінің түлегі Шишкин Роман қорғады (фото 2). Өндірістік оқыту шебері А.Е. Котыртауов тәлімгер ретінде Р.Шишкинді чемпионатқа жақсы дайындықпен жіберді (фото 3,4).

Кәсіби жарыстың нәтижелері бойынша Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Шишкин Роман «Кірпіш салу» құзыреттілік бойынша WorldSkills Kazahstan -2017 ұлттық чемпионатының жеңімпазы болып атанды (фото 5). Бұл жеңіс Шишкин Романға Қазақстанның құрама командасының құрамына еніп, 2017 жылдың 14-19 қазаң аралығында Біріккен Араб Әмірліктердің Абу-Даби қаласында өтетін «WorldSkills Competition 2017» халықаралық чемпионатына қатысуға мүмкіндік берді.

http://psek.kz/uploads/posts/2017-05/thumbs/1494990337_1.jpg

http://psek.kz/uploads/posts/2017-05/thumbs/1494990480_4.jpg

http://psek.kz/uploads/posts/2017-05/thumbs/1494990433_5.jpg

http://psek.kz/uploads/posts/2017-05/thumbs/1494990530_2.jpg

http://psek.kz/uploads/posts/2017-05/thumbs/1494990572_3.jpg

Пікір үстеу