WorldSkills Kazahstan -2017 ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңі

2017 жылдың 5 сәуір күні Петропавл қаласында WorldSkills Kazahstan -2017 ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңі өтті.
WorldSkills International (WSI) — халықаралық коммерциялық емес қауымдастық, оның мақсаты кәсіби дайындық пен біліктілік мәртебесін және стандарттарын арттыру, әлем бойынша халықаралық сайыстар өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарды көбейту. Бүгінгі таңда 75 мемлекет WSI кіреді, әлемнің 70% халығын қамтийды.
Осы жылы аймақтық чемпионат 8 құзыреттілік бойынша өткізілді, соның ішінде 2016 жылғы Бірінші чемпионатпен салыстырғанда екі жаңа конкурстық құзыреттілік қосылды – шаштараз өнері және веб-дизайн.
Чемпионаттың салтанатты ашылуы Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде өтті. WorldSkills Kazahstan -2017 ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңі тікелей қалалық колледждердің конкурстық алаңдарында өтеді. Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің нысанасында чемпионат 5 құзыреттілік бойынша өтті: «Кірпіш қалау», «Желілік және жүйелік басқару», «Веб-дизайн», «Дәнекерлеу технологиялары» және «Аспаздық іс» (фото 1-5).
Қатысушыларды көп саны аспаздық іс бойынша қатысты – 13 адам, дәнекерлеу технологиялары – 9 адам, веб-дизайн, желілік және жүйелік басқару, кірпіш қалау құзыреттіліктер бойынша 5 адамнан қатысты.
WSK өткен чемпионатының нәтижелері бойынша Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері 5 құзыреттіліктен 4 құзыреттілік бойынша жеңімпаз болып атанды:
• «Кірпіш қалау» — Шишкин Роман, 2017 жыл түлегі (фото 6);
• «Дәнекерлеу технологиялары» — Чабан Иван 361 топ студенті (фото 7),
• «Аспаздық іс» — Дубинин Александр, 2017 жыл түлегі (фото8),
• «Желілік және жүйелік басқару» — 318 топ студенті Галиков Роман (фото 9).
WorldSkills Kazahstan -2017 аймақтық чемпионатының 2 кезеңінің қорытындылары бойынша Солтүстік Қазақстан облысының намысын Астана қаласында қорғайтын құрама команда құралатын болады. Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары Қазақстанның құрама командасының құрамына еніп, 2017 жылдың 14-19 қазаң аралығында Абу-Даби (ҚАЭ) қаласында өтетін «WorldSkills Competition 2017» халықаралық чемпионатына қатысады.