Жиырма жетінші сәуірде мәжіліс залында «Патриот» әскери-патриоттық айлығы аясында құрылыс бөлімінің 2 курс студенттерінің қатысуымен «Ал құтқарылған әлем еске алады...» байқауы өтті. Студенттер байқауға шығармашылық тұрғыдан келіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан ең жақын туыстары туралы сюжеттер, плакаттар және презентациялар дайындады. Бірінші орынды екі жүз он үшінші топ, сынып жетекшісі Барбанова Ғайша Ережепқызы, екінші орынды екі жүз отыз үшінші топ, сынып жетекшісі Жұмағалиев Абзал Серікұлы, үшінші орынды екі жүз жиырма үшінші топ, сынып жетекшісі Лебедев Павел Александрович иеленді.
