Бұл күні колледжімізде ұстаз Тулубаева С.Қ. «Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы» тақырыбында сабақ өткізді, оның мақсаты Қазақстан Республикасының саяси жүйесін зерделеу, Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституцияны оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін көрсету, студенттер арасында құқықтық білімнің негізін қалыптастыру (No1 сурет).
Оқушылар мен мұғалімдер қалалық іс-шараларға қатысты. Жастар сарайында өткен «Мәңгілік Ел» республикалық акциясында (No2 сурет). Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өткен «Ассамблея тарихы – ел тарихы, халық тарихы» атты дөңгелек үстелге қатыстық. |