«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері» атты дөңгелек үстел

2013 жылдың 11 желтоқсанында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері» атты тақырыпта Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға: Білім Басқармасы бастығының орынбасары И.А.Киселев, Ұлы Отан соғысының ардагері П.М.Гладков, «Центр молодежных инициатив» КММ директоры Д.О.Әбутәліп және «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері И.Байжанов пен А.Шаймерденов қатысты.