Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, туған өлкенің тарихы туралы түсініктерін кеңейту, Отан тарихын терең білу арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті дамыту мақсатында колледж студенттері облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. «Тәуелсіздік жылдарындағы Солтүстік Қазақстан облысы», «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан», «Археология» тақырыптарындағы экскурсиялар балаларға өте қызықты болды.