Оқу жылының басталуын білдіретін алғашқы күзгі мерекеде, 1 қыркүйек күні, Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Дәстүр бойынша бірінші сөз колледж директоры А.Кушумбаевқа берілді, ол студенттер мен олардың ата-аналарын кезекті оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік, қуаныш пен шабыт, тамаша көңіл-күй, оқуда үлкен тіледі. Студенттеріміздің орындауындағы әндер мен билер салтанатты іс-шараның сәнін келтірді. Мерекенің салтанатты бөлігі аяқталғаннан кейін студенттер педагогтермен және ата-аналарымен бірге аудиторияларға барды, онда сынып сағаттары өткізілді. Колледждің акт залында студенттер мен оқытушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдап, талқылады.