Бүгін Жоғары құрылыс және экономика колледжінде Александр Степанович Викторенконың 75 жылдығына арналған бірыңғай сынып сағаты өтті. Өңіріміздің мақтанышы, жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры, ғарышкер ұшқыш, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Александр Степанович Викторенко өз елінің даңқын әлемге паш етудің үлгісі. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерді А.С. Викторенко, жерлесімізді мысалға ала отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
