«Бөліп және пайдалану» акциясы

26 сәуірде «Рахмет» сауда кешенінің аумағында «Бөліп ал да, пайдалан» акциясы өтіп, оған қала мектептерінің оқушылары мен Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері белсене қатысты. Аталған шараны ұйымдастырушылар «Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жиналған макулатураның қорытындысын шығарып, орындар белгіленіп, қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.