"Petropavl construction and economic college - harbor of knowledge and stars"

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Петропавл құрылыс-экономикалық колледж – білім мен жұлдыздар айлағы» атты дәстүрлі мерекесі өтті. 2016 жылдың 8 мамыр күні Кеңес Одағының батыры, ұшқыш-ғарышкер А.С. Викторенко атындағы 15-ші мерейтойлық атаулы сыйлығымен колледждің үздік студенттері мен оқытушылары марапатталды. Осы жылы ұшқыш-ғарышкердің атаулы сыйлығымен 13 үздік студент, спортсмен және «Жас Ұрпақ» ЖҰ белсенділері және 8 үздік оқытушы марапатталды. Иегерлер қатарында «Серпін -2050» Мәңгілік ел жастары индустрияға» бағдарламасы бойынша оқитын 203 топ студенті С.Омарова болды.