Менің сүйікті кітабым

«Кітап оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің кітапханасы «Менің сүйікті кітабым» атты бейнероликтер конкурсын жариялайды.

Акцияның мақсаты: кітапты және кітап оқуды насихаттау, сондай-ақ колледж студенттеріне өзінің қабілеттерін іске асыра білуге және өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беру; қызықты шығармашылық процесс ретінде оқуға деген қызығушылықты қолдау және дамыту; кітапхана оқырмандарының мәдени ауқымын кеңейту, колледжде кітап және кітап оқуды ілгерілету.

«Менің сүйікті кітабым» атты бейнероликтер конкурсына студенттер, топ кураторлары және колледж оқытушылары қатысады.

Өзіңіздің сүйікті кітабыңыз туралы әңгімелеп бейне жазып алысыз (ол қалай аталады; оның авторы кім; кітап не туралы; ол сізге неге ерекше қымбат) және оны biblioteka.psek@mail.ru электрондық пошта мекенжайына немесе +77079258157  WhatsApp нөміріне «Менің сүйікті кітабым» деп белгілеп жібересіз.

Конкурс 2023 жылғы 7 ақпан – 2023 жылғы 17 ақпан мерзім аралығында өткізіледі.

Конкурс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Конкурс қатысушылары қатысушы дипломдарымен марапатталады.

ПОЛОЖЕНИЕ О КОНКУРСЕ