Сталинград шайқасына қатысушылар

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Сталинград шайқасының аяқталғанына 80 жыл толуына, Солтүстік Қазақстан ардагерлерінің, Сталинград шайқасына қатысушылардың ерлігіне арналған «Волжская твердыня» атты мұражай сабағына қатысты. Студенттерге қаланы босату мен қорғаудың негізгі кезеңдері, Ұлы Отан соғысы майданындағы Солтүстік қазақстандықтардың ерліктері туралы айтылды.